"ҚазАвтоЖол" ҰК республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 2 сәуірдегі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай) 4 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 685 метр болатын су тасқыны орын алды, - делінген хабарламада.
4 облыстағы республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолдарында (ұзындығы 216 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 696 бірлік техника мен 1618 адам жұмылдырылған.