Су тасқыны. Республикалық маңызы бар 8 жол жабылды

24 Сәуір 2024, 09:49
452
Бөлісу:
Су тасқыны. Республикалық маңызы бар 8 жол жабылды

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 24 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (СҚО, Қостанай) 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны орын алды. 

4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды. 

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы