Су тасқыны. Республикалық маңызы бар 12 жол жабылды

18 Сәуір 2024, 09:25
435
Бөлісу:
Су тасқыны. Республикалық маңызы бар 12 жол жабылды

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпарат жария етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 18 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны орын алды. 5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылды. 

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы