Су тасқыны. Құлсары 1 мың тоннадан аса гуманитарлық көмекпен қамтылды

20 Мамыр 2024, 09:45
388
Бөлісу:
Су тасқыны. Құлсары 1 мың тоннадан аса гуманитарлық көмекпен қамтылды
VIDEO

Төтенше жағдай басталғалы бері Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Жылыой аудандық гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті тұрғындарға азық-түлік таратуға жұмылдырылған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, бүгінде пунктте азық-түлік қоры жеткілікті. 

Халыққа азық-түлікті белгілі бір кесте бойынша таратамыз. 500-ге жуық отбасын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырмыз. Қазір 20 тонналық фурамен Атыраудан гуманитарлық көмек келді, оларды 4 пункт арқылы таратудамыз. Бүгінгі таңда ұн, мұздатылған құс етінің, жұмыртқа, жарманың, жаялық пен төсек жабындысының қоры жеткілікті. Ұзақ сақталатын азық-түлік, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық химиялық заттардан тұратын гуманитарлық көмек Жылыойға облыс орталығынан келуде, - деді спикер Жанаргүл Шарғабаева.

Төтенше жағдай басталғаннан бері Жылыой ауданына 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Өзгелердің жаңалығы