Су тасқыны. ҚХА Солтүстік Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

15 Сәуір 2024, 20:56
615
Бөлісу:
Су тасқыны. ҚХА Солтүстік Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
PHOTO
Фото: ҚХА

Солтүстік Қазақстан тұрғындары Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы зардап шеккен тұрғындарға көмектесуде. Кезекті қайырымдылық акциясы аясында елордалық Достық үйінен СҚО-ға 25 млн теңге болатын 7 гуманитарлық жүк көлігі келді.

Су тасқыны. ҚХА Солтүстік Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Өңіріміздің су тасқынынан зардап шеккен азаматтарына келген 35 тоннаға жуық азық-түлікя,малғашқы кезде қажетті заттардан құралған.

Гуманитарлық көмекті ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА республикалық штабының басшысы Ақбаржон Исмаилов, республикалық штабтың өкілі Александр Урмашов, «Ассамблея жастары» еріктілері қарсалды.

Су тасқыны. ҚХА Солтүстік Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжіктер республикалық этномәдени орталығының кәсіпкерлеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдіреді.

Су тасқыны. ҚХА Солтүстік Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

ҚХА-ның 12 мыңға жуық еріктілері жұмылдырылған жобаға қолдау білдіргендер көп. Жалпы, зардап шеккен аймақтарға 866,5 тонна азық-түлік және қажетті тауарлар жөнелтілді. Ассамблея мүшелері көрсеткен гуманитарлық көмектің жалпы сомасы шамамен 565,3 млн теңгені құрайды.

Су тасқыны. ҚХА Солтүстік Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Айта кетейік, барлық өңірлерде ҚХА Достық үйлерінің негізінде гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмыс істейді, онда кез келген азамат көмекке өз үлесін қоса алады.

Су тасқыны. ҚХА Солтүстік Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Өзгелердің жаңалығы