Су тасқыны. Қазақстандық құтқарушылардың жұмыс күндері қалай өтуде

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өңірлердегі азаматтарға су тасқынымен күреске көмектесіп жатқан құтқарушылардың фотосуреттері мен видеосын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 9 Мамыр 2024 2024, 22:48
9 Мамыр 2024 2024, 22:48
849
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өңірлердегі азаматтарға су тасқынымен күреске көмектесіп жатқан құтқарушылардың фотосуреттері мен видеосын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Олар Петропавл қаласындағы Подгора шағын ауданында су айдау жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында бір тәулік ішінде ұзындығы 300 метр бөгет тұрғызылды. Жұмыстар жалғасатыны айтылды.

Наверх