Су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден тексеру жүргізілді

Абай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер мен гидротехникалық құрылыстарға әуеден тексеру жүргізілді. 

 Абай облысы әкімдігі Кеше 2026, 01:15
Кеше 2026, 01:15
751
Фото: Абай облысы әкімдігі

Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов жетекшілік ететін жұмыс тобы – Төтенше жағдайлар департаментінің, Ертіс бассейндік су инспекциясы және "Қазгидромет" өкілдері Ертіс пен Үбі өзендерінің арналары, қар қорының көлемі және су шаруашылығы нысандарының техникалық жай-күйін бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорытындыға сәйкес өңірдегі гидрологиялық ахуал тұрақты. Шүлбі су электр станциясы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және тартылған барлық қызметтердің өзара іс-қимылын тиімді үйлестіру мақсатында қосымша алдын алу шаралары айқындалды.

Наверх