Су тасқыны. Қарағандылық әскерилер Солтүстік Қазақстанға көмекке аттанды

11 Сәуір 2024, 15:06
338
Бөлісу:
Су тасқыны. Қарағандылық әскерилер Солтүстік Қазақстанға көмекке аттанды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандылық әскери қызметшілер көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде жұмыс жүргізуге көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Петропавлға "Астана" өңірлік қолбасшылығының 31775 әскери бөлімінің жеке құрамынан 14 бірлік әскери техника мен 305 адамнан тұратын колонна шықты.

Біз облысымыздың Нұра және Шет аудандарында су тасқынының алдын алу бойынша жемісті жұмыс жасадық. Табиғи апат Қарағанды айналып өтті. Қазір біздің көмегіміз Петропавл тұрғындарына қажет. Еліміздің күші – халық бірлігінде! – деп атап өтті 31775 әскери бөлімінің мерзімді қызметінің қатардағы әскери қызметшісі Әділ Хамзин.

Солтүстік Қазақстан облысында Қарағандылық құтқарушылар да жұмыс істеуде.

Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдарын топтастыру СҚО Тепличный ауылында орналасқан. Құтқарушылар инертті материалы бар қап жинайды және төсеп жатыр. Жұмыстарға жеке құрамның 115 адамы, 13 бірлік техника, 27 мотопомпалар және 6 жүзу құралдары жұмылдырылды, – делінген ведомство хабарламасында.

Бескөл ауылында Қарағандылық құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға, сондай-ақ мүлік пен малды қауіпсіз жерге тасымалдауға көмектесуде.

Өзгелердің жаңалығы