Су тасқыны: Ойыл ауылына әскерилер көмекке барды

Бүгiн, 15:29
167
Бөлісу:
Су тасқыны: Ойыл ауылына әскерилер көмекке барды
Фото: видеодан кадр

Ақтөбе облысының Ойыл ауылына қарғын су келіп, жағдайды тұрақтандыру үшін әскерилер мен арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің сарбаздары мен техникасы су тасқынының салдарын жою үшін Ойыл ауылына жіберілді. Ауылдағы жағдайды бақылау үшін жедел кезекшілік ұйымдастырылған, ал аудан орталығымен көлік қатынасы уақытша тоқтатылған.

15 наурыз күні таңертең қардың тез еруі салдарынан Ойыл ауылында уақытша салынған тас жол арқылы еріген қар суы ағып өтті. Қазіргі уақытта халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік қоры жеткілікті, – деп хабарлады әкімдік.

Ауыл тұрғындары су тасқынының видеоларын жариялап жатыр.

Жергілікті тұрғындар топан судың ауылға кіретін жолды жауып қалғанын айтуда.

Өзгелердің жаңалығы