Атырау облысының психологтары эвакуацияланған адамдармен әңгімелесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ психологтары Махамбет ауданы Талдыкөл ауылынан эвакуацияланған адамдарға психологиялық қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізді.
Психологтар эвакуацияланған балаларға ерекше назар аударады. Балалармен ашық ойындар ұйымдастырылып, шығармашылық тапсырмалар берілді, балалар оларды ерекше ынтамен орындады, - делінген ведомство хабарламасында.