Су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр? Министр айтты

22 Ақпан 2022, 09:40
1228
Бөлісу:
Су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр? Министр айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында айтты.

Республиканың таулы аудандарындағы халықтың, объектілер мен автожолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазселденқорғау» ММ 44 профилактикалық қар көшкінін түсіру, көшкін қаупі бар учаскелерге 375 жер үсті тексеру жүргізілді, 97 ақпараттық қалқан қойылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында көшкін түсу қаупі бар кезеңдегі халықтың жүріс-тұрыс қағидалары жарияланады, - деді ол. 

Министр биыл өңірлік деңгейде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсаты туралы айтып берді. 

Жанар-жағармай және инертті материалдар мен құм салынған қаптар қоры қалыптастырылды. Шұғыл шығындарға арналған төтенше резервтер көзделген, алдын ала шамамен 23 миллиард теңге салынды. Елді мекендерден қарды шығару жалғасуда, қазіргі уақытта 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды, - деді ол, 

Министр атағандай, Солтүстік және орталық өңірлердің әкімдіктері елді мекендерден, әсіресе ауылдық және су тасқыны қаупі бар елді мекендерден қар шығаруды жандандыруы қажет.

Республикалық деңгейде 16 ақпанда су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткізілді, онда мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсынымдар берілді.3-4 наурызда «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда, оның барысында Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің су тасқыны жағдайындағы іс-қимылдарға дайындығы тексеріледі, - деді Ильин. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 60-75% - ды құрайды.

 Сонымен қатар бос көлемдер қорын ұстау қажет. Осыған байланысты әкімдіктер мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне су қоймаларының толу деңгейін бақылауы қажет. Сонымен бірге иесіз гидротехникалық құрылыстармен проблема бар. Егер, өткен жылы олардың саны 10 болса, биыл олардың саны 25-ке жетті, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы