Су тасқыны. Исатай ауданындағы бөгеттің ұзындығы 75,28 шақырымға жетті

22 Сәуір 2024, 12:05
521
Бөлісу:
Су тасқыны. Исатай ауданындағы бөгеттің ұзындығы 75,28 шақырымға жетті
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Исатай ауданында Нарын, Бақсай каналдары бекітіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Исатай ауданында 8 сәуірден бастап жалпы ұзындығы 75,28 шақырымды құрайтын бөгеттер соғылды. Бұл туралы аудандық жедел штаб мәлімдеді.

- «Жайықмұнайгаз» басқармасының күшімен Нарын каналынан Есіркеп каналына дейін жалпы ұзындығы 16 км (16 км жоспарланған), Бақсай каналынан Ауқайран каналына дейін жалпы ұзындығы 22,5 км (22,5 км жоспарланған) бөгет тұрғызылды. Ауданның төрт ауылдық округіне бюджет есебінен және еріктілердің көмегімен шамамен 296100 қап жиналды. Жаға жұмыстарына 49 бірлік техника қатысты, мемлекеттік қызметшілер мен мекеме қызметкерлерінен - 300, еріктілерден -453, барлығы-753 адам жұмылдырылды, - делінген жедел штабтың ресми хабарламасында.

Айа кетейік, Жайық өзенінен аудан аумағына бөлінетін Нарын және Бақсай каналдары Қамысқала, Тұщықұдық, Аққыстау, Жанбай ауылдық округтерінің ішімен өтеді. Жайық өзенінен көп көлемде су келген уақытта аталған каналдардан ауылға қауіп төнуі мүмкін. Осыған орай ауданнан жедел штаб құрылып, каналдар бойындағы жағаларды бекіту жұмыстары жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы