Индербор кентіне кірме жолды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Индер ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жалпы ұзындығы 7 шақырым болатын Индербор кентіне кірме жолды қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталуда.
Судың өз ағынымен кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін, диаметрі 720 мм болатын құбырлар салынып, инертті материалдар төгілуде.
Кірме жолды 16 мамыр күні кешкілік ашу жоспарланып отыр.