ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта ТЖМ құтқарушыларының күшімен және жергілікті атқару органдармен Боран ауылында қапшықтарды төсеу және бөгеттерді биіктету бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.
Тәулік ішінде 470 қап төселіп, ұзындығы 250 м үйінді бекітілді. Қара Ертіс өзенінің деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.