Су тасқыны. БҚО-ның Бөрлі ауданында 60 үй салынып жатыр

24 Маусым 2024, 14:03
393
Бөлісу:
Су тасқыны. БҚО-ның Бөрлі ауданында 60 үй салынып жатыр
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

БҚО-ның Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 60 үй салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан 60 үйдің құрылысымен танысты.

Атап айтқанда, БҚО-ның Бөрлі ауданы Ақсу ауылында – 23 үй, Пугачева ауылында – 12 үй, Аралтау ауылында – 14 үй, Кеңтүбек ауылында – 11 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Қазір үйлердің басым бөлігінде құрылыс жұмыстары 60 пайызға аяқталған. Облыс әкімі аудан әкімдігіне, облыстық құрылыс басқармасына және мердігерлерге жұмыстарды уақытылы аяқтауды және баспаналардың сапасына баса мән беруді тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құрылыс жұмыстарын жоспарға сай аяқтау керекпіз. Бөрлі ауданында бірнеше ауылдарды аралап шықтым. Жұмыс қарқыны жақсы. Кейбір үйлердің құрылысына қосымша тағы да құрылысшыларды тарту қажеттілігін ескерттім, - деді Нариман Төреғалиев.

Сонымен қатар өңір басшысы ауылдарды аралау барысында аудан әкімдігіне су тасқыны салдарынан бұзылған үйлердің қоқыстарын жинауға техника тартуды қамтамасыз етуді, қорғаныс бөгеттерін тұрғызуды және тасқыннан зардап шеккен ауылдарды абаттандыру мәселесіне назар аударуды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, БҚО-ның Бөрлі ауданында су тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 64 үй сатып алынып, қалған 60 отбасыға жаңа баспаналар салынуда.

Өзгелердің жаңалығы