Су тасқыны. Бозымбаев үйлерді қалпына келтіру үшін қанша миллиард керегін айтты

25 Маусым 2024, 10:21
591
Бөлісу:
Су тасқыны. Бозымбаев үйлерді қалпына келтіру үшін қанша миллиард керегін айтты
Фото: Арман Мухатов - архив

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан үйлері бүлінген халыққа қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бозымбаевтың мәлімдеуінше, су тасқыны басталғаннан бері 12086 тұрғын үй мен 7380 жалғыз баспана саяжай су астында қалды.

Жалпы зардап шеккен өңірлерде 18228 тұрғын үй зерттелді , 15651 нысан бойынша бағалау аяқталды.

Қазіргі таңда зерттеу қорытындыларына сәйкес 9306 баспана қалпына келетін санатқа жатқызылды. 8190 баспана қалпына келтірілмейтін санатқа жатқызылып, олар бойынша қайталама нарықтан 5714 баспана сатып алу және 2576 типтік жобада баспана құрылыстары жоспарланған. Жалпы  тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет. Қазіргі уақытта 6176 отбасы жалпы сомасы 40 млрд теңгеге баспана жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды, – деді ол үкімет отырысында.

Вице-премьер зардап шеккен азаматтарға 2503 жаңа баспана салынып жатқанын атап өтті.

Зардап шеккен аймақтарда бүгінде 3414 отбасы қираған тұрғын үйдің орнына жаңа үйлер мен пәтерлер сатып алынды немесе өтемақы төленді, – деп мәлімдеді Бозымбаев.

Өзгелердің жаңалығы