Су тасқыны. Бірнеше өңірде азық-түлік бағасы төмендеген

26 Сәуір 2024, 17:26
471
Бөлісу:
Су тасқыны. Бірнеше өңірде азық-түлік бағасы төмендеген
Фото: ОКҚ

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі азық-түлік тауарларының тапшылығы мәселесі ерекше бақылауда. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның мәлімдеуінше, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Қостанай, Ұлытау, Абай және Павлодар облыстарында тұрақты, Ақтөбе облысында 1,7%, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында 0,2%, Солтүстік Қазақстан облысында 0,1% төмендеуде.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі азық-түлік тауарларының тапшылығы мәселесі министрліктің ерекше бақылауында. ЖАО-мен өзара іс-қимыл жөніндегі аумақтық департаменттермен жұмыс үйлестіріледі. Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен облыстарда жағдай тұрақты, азық-түлікпен, оның ішінде ӘМАТ-мен жеткізу проблемалары байқалмайды, ӘМАТ бағасының өсуі байқалмайды. Күн сайын сауда объектілеріне мониторинг жүргізіледі, - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы