Су тасқыны. Бесікті ауылын су басуы мүмкін бе

28 Мамыр 2024, 10:49
359
Бөлісу:
Су тасқыны. Бесікті ауылын су басуы мүмкін бе

Атырау қаласына қарасты Бесікті ауылы су басу қаупі жоғары аймақ болып саналады. Алайда мамандар ауылды тасқыннан қорғап қалу үшін үздіксіз жаға бекіту жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы учаскеге жауапты координатор Азамат Мәмбетовтің айтуынша, қауіптің алдын алу үшін атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесін беріп, тасқын қатерін болдырмайды. Өйткені су деңгейі алдыңғы тәуліктерге қарағанда төмендеді.

Желдің қатты соғуына байланысты су деңгейі көтеріліп, кей жерге тасқын қаупі төнді. Шұғыл бөгеттер көтеріліп, ауылға төнген қауіпті тоқтаттық. Қазіргі таңда Бесікті ауылына тасқын қаупі жоқ. Ауыл айналасы бөгетпен қоршалған. Егер тасқын қаупі төне қалса арнайы бекітілген алгоритмдер бойынша жұмыс істеледі,- деді Мәмбетов.

Аталған аймақта жаға бойына шатырлар қойылып, бөгеттерді көтеру жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жұмысқа 25 бірлік техника, 50 ден астам әскери қызметкерлері мен ТЖ қызметкерлері жұмылдырылған. Жағада 250 м-ден 12 адам күндізгі,түнгі кезекшілікте тұр. Жұмыстар тәулік бойы жүруде.

Өзгелердің жаңалығы