Су тасқыны. "Бас аспаз" атауымен танымал атыраулық жұртты тегін тамақтандырды

27 Мамыр 2024, 18:58
295
Бөлісу:
Су тасқыны. "Бас аспаз" атауымен танымал атыраулық жұртты тегін тамақтандырды
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атыраулық аспаз жағалау бекіту жұмысындағы азаматтарды тегін тамақтандырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде "Бас аспаз" атауымен танымал атыраулық Бағдат Қадыров облыстағы жаға бекіту жұмыстары кезінде өз өнерімен ерекше көзге түсті. Ол бөгет көтеру жұмыстары жүріп жатырған аймақтарға барып, азаматтарға түскі және кешкі ас дайындап отырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Ол Атырау қаласындағы Еркінқала, Дамба, Чехов, Талғайран ықшам аудандары мен Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында аспаздық етті. Ал барлық қаражатты өз есебінен шығарып отырған, - делінген хабарламада.

Жалпы Бағдат Қадыровтың аспаз болып жүргеніне 15 жылдан асқан. Қазіргі таңда ол фуд-блогерлікпен қоса, қаладағы бірқатар мейрамханада бас аспаз болып еңбек етеді. Оның айтуынша, мұнда ол өз еркімен, қиын-қыстау шақта жұртпен бірге өз көмегін беруге келген. 

Айта кетейік, Бағдат Қадыров 2023 жылы Анталияда өткен әлемдік аспаздар сайысында еліміздің намысын қорғап, 750 аспаздың ішінен топ жарып, жеңімпаз атанған.

Өзгелердің жаңалығы