"Су тасқыны айтып келмейтін табиғи апат" – Вице-премьер ұсынысқа жауап берді

24 Қыркүйек 2024, 13:46
333
Бөлісу:
"Су тасқыны айтып келмейтін табиғи апат"  – Вице-премьер ұсынысқа жауап берді
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынын алдын алу кезінде тек жауапкершілікті қарастырмай, тиісті жүйені орнату керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет брифингінде журналист “Солтүстік Кореяда шілдеде болған су тасқынынан кейін салаға жауапты 30 шенеунікке өлім жазасына кесілген еді. Неге қара халық зардап шеге беруі керек? Бізге де сол заңды әкелу керек..” деп сұрақ қойды.

Солтүстік Кореядағы заңдар мен талаптарды айтпай-ақ қояйын. Сізге ұнаса, енді оны өзіңіз көріңіз. Өз басыма Оңтүстік Корея ұнайды. Әрине, тәртіпті күшейтіп, тиісті жүйені орнату керек. Қазір біз сонымен айналысып отырмыз. Ең бастысы шығынды азайту. Мысалы, бүгін немесе келесі жылы, 10 жылдан кейін су тасқыны болады, болмайды деп айта алмаймыз, – деді Бозымбаев.

Сөзінше, су тасқыны айтып келмейтін табиғи апат.

Мысалы, Германияда қандай су тасқыны) болғанын көрдіңіз бе? Чехияда да болды. Қаза тапқан адамдар болды. Үйлер судың астында қалды. Өткен аптада Польшада су тасқыны болды. Онда адамдар атылды ма? Қатты сөз айтпай-ақ қояйық. Бірақ жүйелі түрде жұмыс істеу маңызды, – деді Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев.

Өзгелердің жаңалығы