Су тасқыны. Атыраудың Талдыкөл ауылында ахуал тұрақтанды

7 Маусым 2024, 11:19
221
Бөлісу:
Су тасқыны. Атыраудың Талдыкөл ауылында ахуал тұрақтанды
VIDEO
Фото: скриншот

Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылында ахуал тұрақтанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Бейбарыс селолық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашев Бейбарыс ауылына қарасты Талдыкөл ауылында жағдай тұрақты екенін, бүгін түстен кейін эвакуацияланған тұрғындардың ауылға қайта әкелінетінін айтты.

Эвакуация кезінде ауыл тұрғындарының көп бөлігі Атырауда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасындағы жатақханаға орналастырылған болатын. Қазіргі уақытта тұрғындардың кей бөлігі ауылға қайтты. Негізгі кірме жолды су шайып кеткендіктен, бұған дейін қатынас үшін қайық тасымалы ұйымдастырылды. Ауылдың ішкі қоғамдық тәртібін қадағалауға полиция жұмылдырылып отыр. Сондай-ақ тәулік бойы кезекшілік қойылып, ауылдың ер азаматтары бөгеттердің бойында кезекшілікте, - деді Бейбарыс селолық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашев.

Өзгелердің жаңалығы