Атырау облысы Алмалы ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау облысы ТЖД күштері Алмалы ауылынан 2 адамды эвакуациялап, малды қауіпсіз жерге көшірді.
Айта кетейік, су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде осы елді мекенде 40 мыңнан астам қапшық төселіп, 8 км астам бөгет тұрғызылды.