Су тасқынына байланысты Амангелді ауылының су тазарту станциясының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
"Атырау облысы Су арнасы" КМК Дамба ауылдық округінің тұрғындарына судың көп мөлшерде келуіне байланысты су сорғысына қолжетімділіктің болмауынан станция жұмысы уақытша тоқтатылғанын ескертті.
Қазір Дамбы, Қызылбалық, Жаңаталап және Құрманғазы ауылдарын сумен жабдықтау қалалық коллектор арқылы жүзеге асырылуда. Бұл жергілікті тұрғындардың үйлеріндегі су қысымының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Су тазарту станциясын қайта іске қосу жұмыстарын маусым айының ортасында жүргізу жоспарлануда, - деді "Атырау облысы Су арнасы" КМК бас технологы Жәмила Исағалиева.