Атырауда 2 күн ішінде 300-ден астам жылқы малы құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
Атырау облысында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2024 жылғы 2-3 мамыр аралығында тасыған өр суының ортасында қалған жылқы малдарын қауіпсіз жерге шығару жұмыстарын жүргізді.
Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі Бесікті ауылы тұсындағы тасқын судың жайылмаларының ортасында жылқы малының қалып қойғаны жөнінде шақырту түсті. Аталған орынға құтқарушылар дереу жетіп, 70 бас жылқы малын қауіпсіз жерге шығарды.
Құтқарушылар Атырау қаласы Теңдік ауылында жиналған жайылма судан 200 бас жылқы малын қауіпсіз жерге айдады.
Атырау қаласынан 20 шақырым жерде Астрахань тас жол бойындағы далалықта жайылған судан 40 бас жылқы малын құтқарушылар шығарып, қауіпсіз жерге айдады. Авариялық-құтқару жұмыстарына жалпы саны ТЖМ 15 құтқарушы, 3 бірлік техника, 3 жүзу құралы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.