Су тасқыны. Атырау облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

4 Сәуір 2024, 11:20
689
Бөлісу:
Су тасқыны. Атырау облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

2024 жылғы 4 сәуірдегі сағат 10:40 шамасында еріген қар суының салдарынан Атырау облысы "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 4-119 шақырымында (Доссор а.-Құлсары қ. учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектетілді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Атырау облысының Жылыой ауылында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы