Су тасқыны. Атбасар ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

11 Сәуір 2024, 12:29
477
Бөлісу:
Су тасқыны. Атбасар ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Биылғы жылдың 11 сәуірінде Жабай өзеніндегі су деңгейінің күрт өсуіне байланысты сағат 4:43-те жер үйіндісінің 6 учаскесінде су тасқыны болды. Салдарынан қаланы су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, су деңгейі 5.95 метрге дейін тез көтеріліп, қатерлі жағдайға жетті.  Қазіргі уақытта ауданда ТЖ режимі жарияланды.

Барлық тұрғыннан сабырлық сақтауды сұраймын, қалада эвакуациялау пункттері ұйымдастырылған (ОМ: 2,3,5,6,7, «Олимп» ДСК, БММ), онда түнеу және тамақтану ұйымдастырылады. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығындары өтеледі, ол үшін комиссия құрылып, зардап шеккен үйлер дереу тексеріледі. Осыған байланысты су тасқыны қаупі бар аймақтың барлық тұрғындары үйлерінен арнайы пунктарға баруы керек, - деді аудан әкімі Аманбек Қалжанов.

Аудан әкімдігінде су тасқынына қарсы штаб ұйымдастырылған. Байланыс телефондары 24227, ұялы телефон – 87055984525.

Өзгелердің жаңалығы