Су тасқыны. Ақтөбенің Темір ауданында үй жөндеуге 224,3 млн теңге бөлінді

21 Тамыз 2024, 11:12
341
Бөлісу:
Су тасқыны. Ақтөбенің Темір ауданында үй жөндеуге 224,3 млн теңге бөлінді
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Ақтөбе облысының Темір ауданында су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұрғын үйлерді қалпына келтіру шаралары аясында Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда.

Бүгінгі күні Темір ауданында үйлер салынып, әлеуметтік нысандар, жолдар жөнделуде, ағын судан бұзылған қорғаныс бөгеттері қалпына келтірілуде.

Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаевтың сөзінше, су тасқыны кезінде Шұбарқұдық, Құмсай, Шитүбек және Еңбекші ауылдарында 98 үй су астында қалған. Комиссияның қорытындысы бойынша 41 үй қалпына келтіруге жатады деп есептелді. Бұл үйлерді жөндеуге бюджеттен 224,3 миллион теңге бөлінді. Қалған 57 үй апаттық жағдайда деп танылды.

Өзгелердің жаңалығы