Су тасқыны. Ақтөбеде зардап шеккен 178 отбасы пәтерлі болды

27 Тамыз 2024, 14:08
358
Бөлісу:
Су тасқыны. Ақтөбеде зардап шеккен 178 отбасы пәтерлі болды
Фото: pixabay.com/ru

Cу тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындар үшін қорлар арқылы 200 пәтер сатып алу жұмыстары қарқынды жүруде, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ақтөбе облысының әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Ақтөбе қаласында түрлі қор арқылы 200 үй сатып алынады. Бүгінгі күні оның 178-і алынды.

Қазіргі таңда 178-і үйдің 14-і - BI Group, 66-сы - «Қамқор-Ақтөбе 2024», 98-і - Болат Өтемұратов қоры арқылы сатып алынған.

Сондай-ақ, қорлардың көмегімен баспаналы болудан бөлек, Отбасы банк арқылы 100 пәтер сатып алуға несие рәсімдеуге мүмкіндік жасалуда.

Бір қарыз алушыға ең көп дегенде 15 млн теңге беріледі. Несиелеу ставкасы – 5%. Бастапқы жарна сомасы – 10%. Қарыз мерзімі банк талаптарына сәйкес болады, - деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде Ақтөбе қаласы бойынша 2990 отбасы зардап шегіп,2790 үйге жөндеу жұмыстарына қаражат аударылған. Ал, облыс көлемінде екінші нарықтан сатып алынған дайын үй саны – 495.

Өзгелердің жаңалығы