Су тасқыны: Ақтөбеде үш мектеп салынады

9 Шілде 2024, 13:10
230
Бөлісу:
Су тасқыны: Ақтөбеде үш мектеп салынады
PHOTO
Фото: Абай облысының әкімдігі

Су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған білім ордаларының орнына жаңасы салынады. Кейбірі күрделі, ағымдағы жөндеуден өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысы бойынша 4 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Оның екеуі Ақтөбе қаласында болса, екеуі Мұғалжар ауданында. Сонымен бірге Ойыл ауданы Ш.Берсиев атындағы мектеп-интернатта, Темір ауданының Шұбарқұдық ауылындағы №3 орта мектепке де күрделу жөндеу жүргізіліп жатыр. Барлығы екі мектеп пен төрт балабақша болды.

Ақтөбе қаласы Әуеқалашығы ауданындағы мектеп пен Қобда ауданындағы мектеп-гимназияда ағымдағы жөндеу жүріп жатыр. Сандарға тоқсалсақ, 2 мектеп, 4 балабақша күрделі жөндеуден, 2 мектеп ағымдағы жөндеуден өтеді,- деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Ауезов.

Сонымен бірге су тасқыны кезінде бүлініп, апатты деп танылған мектептердің орнына жаңасы бой көтереді.

Ырғыз ауданының Нұра ауылы Сарыоба жеріне көшіріліп жатыр. Онда 60 орындық мектеп пен балабақша бірге салынады. Ал Ойылдың Екпетал ауылындағы халық орталыққа көшірілді. Сондықтан сол Ойыл ауданында мектеп-балабақша салынады. Осы аудандағы Қаратал ауылында да балабақша бой көтереді. Мұғалжар ауданының Көтібар батыр ауылында да 60 орындық мектеп салынады. Ауданда бір балабақша құрылысы жүргізіледі, - деді Артур Ауезов.

Өзгелердің жаңалығы