Су тасқыны. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері көмекке келді

1 Сәуір 2024, 15:43
681
Бөлісу:
Су тасқыны. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері көмекке келді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері су тасқыны қаупі бар өңірлердегі халыққа көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Өткен аптада апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері су тасқыны қаупі бар аймақтардан эвакуацияланған 736 адамды, оның ішінде 263 баланы қарады. 29 адамға медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 2 бала бар.

Сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының психологтары зардап шеккендерге шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілік жүргізеді. «Жедел желі» телефонына 622 қоңырау түсті, оның 622 ақпараттық сипатта, 40 шұғыл психологиялық көмек, - деп хабарлады ҚР ТЖМ Аппаттар медицины орталығы.

Өзгелердің жаңалығы