Су тасқыны: Алматы облысында 60 тонна гуманитарлық көмек жиналды

Бөлісу:
Су тасқыны: Алматы облысында 60 тонна гуманитарлық көмек жиналды
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысының ірі кәсіпкері қаржылық көмек ретінде арнайы шотқа 30 миллион теңге бөлген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуге 300-ден астам ерікті жұмылдырылған. Осы еріктілердің ішінде 150 адам гуманитарлық көмек жинаумен, тағы 100 адам сұрыптаумен айналысқан. 

Су тасқыны: Алматы облысында 60 тонна гуманитарлық көмек жиналды

Акцияның алғашқы күндерінен бастап 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды, оның ішінде қажетті заттар, азық - түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары мен тұрмыстық техника бар. Мұндай іс-шараларды сәтті өткізуде қаржылық қолдау да шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Өңірдің ірі кәсіпкері қаржылық көмек ретінде бірыңғай арнайы шотқа 30 миллион теңге бөлді. Бұл бизнес-қауымдастықтың ортақ игілікке қалай үлес қоса алатынының жарқын мысалы. Алайда, қоғамның қолдауынсыз гуманитарлық көмек көрсету мүмкін емес. Еріктілер, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, "Аманат" партиясының мүшелері және облыс тұрғындары ортақ іске бірікті. Қазіргі уақытта облыстық жастар ресурстық орталығының базасында құрылған "Күшіміз-бірілкте" штабының еріктілері жиналған көмекті тиеп, "Қазақстан темір жолының" қолдауымен вагондарды жөнелтуге дайындайды. Таяу уақытта су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына 60 тонна гуманитарлық көмек жеткізілетін болады, – дейді Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Ахметов.

Су тасқыны: Алматы облысында 60 тонна гуманитарлық көмек жиналды
Су тасқыны: Алматы облысында 60 тонна гуманитарлық көмек жиналды
Өзгелердің жаңалығы