Су тасқыны Африкадағы азық-түлік тапшылығына алып келуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Quartz сайты таратқан мәліметке сәйкес, мұндай тұжырымды америкалық ғалымдар ұсынып отыр. Олардың пікірінше, аштықпен су тасқыны кезінде күресу жағдайды қиындатады.
Мәселен, жыл басынан бері Сомалидегі азық-түлік қоры күрт азайған. Құрғақшылық секілді су тасқыны да ауылшаруашылық инфрақұрылымы, жолдар, кеме жолдар, азық-түлік сақталатын қоймаларға үлкен зиянын тигізуі ықтимал. Сондай-ақ табиғи апат егістік жерді шайып кету қаупі де жоқ емес.
Жаңбыр мен су тасқынын ерекше бақылауда ұстау қажет. Алайда табиғи апат күтпеген жерден орын алуы да мүмкін. Жағдайды бақылаудан шығарып алсақ, өңірлерге көмекті дер кезінде көрсете алмай қалу қатері төнеді, - дейді зерттеуші ғалым Сонали Макдермид.