Су тасқыны: 98 мың адам қауіпсіз жерге жеткізілді

11 Сәуір 2024, 16:15
404
Бөлісу:
Су тасқыны: 98 мың адам қауіпсіз жерге жеткізілді
Фото: ОКҚ

Су тасқыны басталғаннан бері 98 мың адам қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлім етті.

Су басқан аумақтарда авариялық құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Оған 30 мыңға жуық адам, 3 мың техника және 500-ге жуық жүзу және су сору құралдары,106 әуе кемелері жұмылдырылды. Қазіргі таңда 3497 жеке тұрғын үй, 789 аула аумағы және 1778 саяжай үйлері су астында қалуда. Су тасқыны басталғаннан бері 98 мың адам қауіпсіз жерге жеткізілді,-деді ол.

Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жағдайдың күрделенуіне өзендердегі су деңгейінің жоғарылауына байланысты тұрғындарды алдын-ала эвакуациялау жүргізілгенін атап өтті маман.

Өзгелердің жаңалығы