Су тасқынына толық дайынбыз деп айтуға әлі ерте – ІІМ

25 Ақпан 2020, 10:17
1765
Бөлісу:
Су тасқынына толық дайынбыз деп айтуға әлі ерте – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл елді мекендер Ол Ақтөбеде, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында орналасқан. 

Сейсенбі сайын өтетін Үкіметтің кезекті отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев су тасқынының алдын алу бойынша жоспарланған шараларды орындамай отырған облыстарды атады. 

Министрдің баяндауынша, кей өңірде бұл шараға қаражат бөлінбеген.

Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының жергілікті атқарушы органдары жоспарланған шараларды орындамай келеді. Шығыс Қазақстан облысында 2019 жыл мен осы жылға қаражат бөлінбеген. Павлодар облысында өткен жылы қаржыландыру мүлдем қамтамасыз етілмеген. Ал Солтүстік Қазақстан бойынша тек 37 пайыз қаржы жұмсалған. Сондықтан су тасқынына толық дайынбыз деп айтуға әлі ерте. Судың жанында орналасқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру бойынша жоспарланған жұмыстар орындалмай жатыр. Қазір осы жұмыс Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жүргізіліп жатыр және Ақтөбе облысында басталды. Жалпы  170 мыңнан астам ғимарат бар. Көпшілігі Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда облыстарында. Бұл – өте шығынды іс-шара. Сондықтан 2019 жылы жоспарланған 91 іс-шаралардың 36-сы іске аспай қалды. Нәтижесінде, 16 мыңнан астам тұрғыны бар 33 елді мекенді су басу қаупі бар. Ол Ақтөбеде, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында, - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Өзгелердің жаңалығы