Су тасқыны. Бір адам құтқарылды

3 Мамыр 2020, 11:33
1321
Бөлісу:
Су тасқыны. Бір адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су басқан ауылдан 1 азамат құтқарылды. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

194 үйлік "Өргебас" ауылы бүгін таңнан бастап эвакуациялануда. ТЖД мамандары ауыл аралау барысында тізесінен жарақаттанып, жүре алмай қалған 1996 жылғы Б. Б. есімді тұрғынды құтқарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Азаматтың өміріне еш қауіп жоқ. Дәрігерлер денсаулығын тексеруде - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең тағы бір ауылды су ала бастағаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы