Су тапшылығын азайту үшін ылғалды дақылдарды қысқарттық – министр

22 Қараша 2022, 10:57
895
Бөлісу:
Су тапшылығын азайту үшін ылғалды дақылдарды қысқарттық – министр

Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев осылай деп мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында су ресурстарының тапшылығын қысқарту мақсатында ылғал көп қажет ететін дақылдардың алаңдары азайтылды. Сонымен қатар, суды үнемдеу мақсатында су айналымы, суару кезегі ұйымдастырылды. Жалпы 1030 километрге жететін каналдарда механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді және 107 мың гектар алаңда су үнемдеу технологиялары қолданылды, –  деді Экология министрі.

Сонымен қатар министрдің мәлімдеуінше, Қызылорда облысы үшін Үкімет резервінен сорғы қондырғыларын сатып алуға және ұңғымаларды жөндеуге, бұрғылауға 3,6 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы