Су спорты: ерлер және әйелдер құрамасы Азия біріншілігінде қола медаль алды

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында су добынан әйелдер арасында үшінші орын үшін матч өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 instagram.com/waterpolo_kaz 12 Қазан 2025 2025, 04:28
12 Қазан 2025 2025, 04:28
772
Фото: instagram.com/waterpolo_kaz

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында су добынан әйелдер арасында үшінші орын үшін матч өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қола медаль үшін Қазақстан мен Таиланд құрамалары сынға түсті.

Негізгі уақыт 6:6 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандықтар мықтылық танытып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 9:8.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сонымен қатар, ерлер құрамасы да қола медаль жеңіп алды. Олар қарсыластары Жапония құрамасынан 16:14 есебімен басым түсті.

Наверх