Қазақстанда өзен-көлдердегі су сапасын онлайн бақылауға болады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі Дүниежүзілік су сапасын бақылау күніне орай,&nbsp;ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды.</h4>

 18 Қыркүйек 2020 2020, 12:15
18 Қыркүйек 2020 2020, 12:15
2313

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі Дүниежүзілік су сапасын бақылау күніне орай, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды.

Бүгін - Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысанында жүргізіледі. Өткен жылы жерүсті сулары сапасының интерактивті картасы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдегі су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар, - деп жазды министр.

Мырзағалиев қазақстандықтарды ең бағалы табиғи ресурстың бірі - суды сақтауға, оған ұқыпты қарауға шақырды.

Наверх