Су саласының 323 қызметкері мен ардагері марапатталды

9 Шілде 2024, 19:15
253
Бөлісу:
Су саласының 323 қызметкері мен ардагері марапатталды
Фото: Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Кәсіби мерекеге орай су саласының 323 қызметкері мен ардагері марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтуде. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов сала қызметкерлері мен ардагерлерін, оның ішінде министрліктің, «Қазсушар» мамандарын, Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы өкілдерін және т.б. қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады.

Еліміз бойынша «Қазсушар» кәсіпорынының барлық филиалдарында мерекелік іс-шаралар өтті. Мереке күні жалпы саны 281 маман марапатталды: су шаруашылығының 33 қызметкері министрдің алғыс хатын алды, 158 маман Құрмет грамотасын алса, 80 маманға «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Бұдан бөлек, еліміздің су шаруашылығының 53 ардагерінің еңбегі ерекше аталып өтті. Оларға «Су шаруашылының ардагері» төсбелгісі табысталды.

Біз үшін кез келген ауа – райына қарамастан еліміздің су шаруашылығы нысандарында күш-жігерін аямай еңбек ететіндерге алғыс білдіру үлкен мәртебе. Сіздердің күн сайынғы қажырлы еңбектеріңіз республика мен оның экономикасының дамуына елеулі үлес қосады. Қазақстандықтарды ең маңызды ресурс – сумен қамтамасыз ету жөніндегі сіздердің күш-жігерлеріңіз құрметке және ең жоғары бағаға лайық, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы