Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25%-ға өсті

6 Маусым 2024, 09:51
373
Бөлісу:
Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25%-ға өсті
Фото: Арман Мухатов - архив

1 мамырдан Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлықтары ұлғайды. 

Еске сала кетсек, осы жылдың 1 қаңтарынан айлықтары тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының еңбекақылары орта есеппен 23%-ға көтерілген еді. Нәтижесінде, кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47%-ының айлықтары ұлғайды. Бұл арналар арқылы суармалы су жеткізуді қамтамасыз ететін мамандар.

Министрлік кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру үшін бірқатар іс-шараны жүзеге асыруда. Мәселен, «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы республикалық бюджеттен және тариф есебінен де кезең-кезеңімен ұлғайып жатыр. Бұдан бөлек, саладағы мамандар біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Биыл 450 маман арнайы курстардан өтуі тиіс, - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Өзгелердің жаңалығы