Су ресурстарын тиімді басқаруда Нидерланд елінің тәжірибесі мол – Жұмағалиев

19 Сәуір 2021, 21:17
1537
Бөлісу:
Су ресурстарын тиімді басқаруда Нидерланд елінің тәжірибесі мол – Жұмағалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында біз Нидерландыдағы бірқатар су шаруашылығы нысанын араладық. Оның ішінде Маслант тосқауылына, Харингвлит плотинасына, Браувесдам және Эстерсель бөгеттеріне бардық, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Нидерландыдағы Қазақстан елшісі Асқар Жұмағалиев.

Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы Хенк Нибор мырза экскурсия жүргізіп, су тасқыны кезеңінде аумақты қорғайтын және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін технологиялық жүйелердің ерекшеліктерімен таныстырды. Бұл кездесу маған Нидерланды Корольдігі жылдар бойы жинақтаған тәжірибені су тасқынының алдын алуда, сонымен қатар Каспий теңізі, Балқаш, Арал секілді еліміздегі басқа да су қоймалары мәселелерін шешуде қолдану үшін қызықты болды, - деді ол.

Су ресурстарын тиімді басқару және қолдануда Нидерланды Корольдігі мол тәжірибеге ие. 

Олар жылдар бойы су тасқынынан зардап шекті, сонымен күресті, көптеген елді мекенді су басты. Дегенмен 1953 жылғы кезекті тасқыннан кейін плотиналар мен бөгеттерді көптеп салуға кірісті.  Бүгінде  бұл нысандар Нидерландының су деңгейінен төмен орналасқан территориясының 30%-ын, сондай-ақ жасанды су қоймаларының 15%-ын қорғауда, - деп жазды Жұмағалиев.


Өзгелердің жаңалығы