Су қоршауында қалған Талдыкөлде ахуал тұрақты - әкім

15 Мамыр 2024, 20:07
384
Бөлісу:
Су қоршауында қалған Талдыкөлде ахуал тұрақты - әкім
Фото: Видеодан кадр

Тасқын қаупіне қарамастан, Махамбет ауданындағы Талдыкөлде су, газ, жарық қызметтері тоқтаусыз беріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашевтың айтуынша, су тазарту қондырғысы жұмысының үзіліссіз қызмет етуіне Төтенше жағдайлар департаменті мамандары көмек көрсетуде.

Өзен бойымен күн сайын ағып келіп жатқан ағаштар су тазарту қондырғысының бойына жиналып  қалып жатыр. Алайда, ТЖД мамандары қайық көмегімен ағаштарды жинақтап, шығарып тастауда.  Осылайша, күн сайын шұғыл атқарылып  жатқан жұмыстар нәтижесінде, ауылда су, газ, жарық тұрақты беріліп тұр" деді Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашев.

Айта кету керек, тасқын қауіпіне байланысты, Талдыкөл ауылындағы ірі-қара, ұсақ мал қауіпсіз аймаққа көшірілді. 15 мамырдағы ахуал бойынша, ауылда әзірге ахуал тұрақты.

Өзгелердің жаңалығы