Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су добынан Қазақстан ерлер командасы ақпан айында бірнеше кездесу өткізіп, оқу-жаттығу жиындарына қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.
3-5 ақпан күндері қазақстандық команда Ресей чемпионатының кейінге шегерілген матчына қатысады. Кездесу Санкт-Петербургте өткізілмек.
Содан соң, 11 ақпанға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін Руза қаласын бетке алады. Аталған аймақта қазақстандық ватерполшылар Ресей чемпонатының кезекті тур ойындарын өткізеді. Ойыннан соң команда мүшелері арнайы физикалық дайындықты шыңдауға кіріспекші.
19-21 ақпан күндері Мәскеуде, 22-23 ақпан күндері Волгоград қаласында Суперлига матчтары өткізіледі.
Кейін команда мүшелері тағы да Руза қаласында жаттығып, 26-28 ақпан күндері Ресей чемпионатының турына қатысады.