Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақ ватерполшылары ширек финалда Оңтүстік Кореядан 15-8 есебімен басым түсті. Ойын алғашқы айналымнан бастап, қазіргі чемпионның бақылауымен өтті. Енді финал жолдамасын қазіргі Азия чемпионы Қытай мен Қазақстан 6 қазанда сарапқа салады.
Қазақстан құрамасы ХІХ Азиаданың В тобында бастап, Гонконг пен Сингапурдан басым түсті. Екінші матчта Жапонияға есе жіберген.
Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып, бір рет үздік үштікті түйіндеген (2006 жылы).