Су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар қандай

Бүгiн, 08:52
127
Бөлісу:
Су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар қандай
Фото: gov.kz

Қазақстан су дипломатиясын белсенді дамытуды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл еліміз Халықаралық Аралды құтқару қорына үш жылдық төрағалық етуді бастады және көршілермен сумен жабдықтау мәселелері бойынша маңызды келіссөздер жүргізді. Жыл басынан бері Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша 35-ке жуық отырыс өткізілді.

Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Шу, Талас және Сырдария трансшекаралық өзендері арқылы Қазақстанға су беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қытаймен 20-дан астам өзен, соның ішінде Ертіс және Іле өзендері бойынша келіссөздер жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Трансшекаралық су ресурстарын әділ бөлуге ықпал ететін Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы БҰҰ Конвенциясына Қазақстанның қатысуы маңызды қадам болды.

Өзгелердің жаңалығы