Су басу қаупі бар үш өңірде мұз жару жұмыстары жүргізілді

27 Наурыз 2021, 22:45
2268
Бөлісу:
Су басу қаупі бар үш өңірде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 27 наурызда өзендер мен көлдерде мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар осылайша мұз кептелуі ықтимал жерлерде судың қауіпсіз өтуіне жағдай жасады.

Мұз жару орындары кездейсоқ алынбайды. Жыл сайын мұз кептеліп, жағалауларды су басатын жерлер таңдалады. Осыған жол бермеу үшін құтқарушылар алдын ала мұзды ұсатады.

Су басу қаупі бар үш өңірде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Алдымен шұңқыр қазады. Оған шамамен бес минут уақыт кетеді. Жарылғыш затты салу процесі - құпия. Оның қалай болатынын мамандар ғана біледі. Қауіпсіздік мақсатында жұмыс орындарына ешкімді жолатпайды.

Мәселен Ақмола облысында мұз ұсату жұмыстары Сандықтау, Ерейментау және Аршалы аудандарында жүргізілді. Жоғарыда аталған аудандарда мұз ұсату орындарындағы мұз қалыңдығы 70-90 сантиметрді құрайды. Облыстың жоспарланған 10 өңірінің ішінен Көкшетау қаласында, Сандықтау, Ерейментау, Аршалы аудандарында мұзды қопсыту және жару бойынша барлық жұмыстар атқарылды. Ұсақтау нәтижесінде 2360 м2 шаршы метр қамтылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Шығыс Қазақстан облысында мұз ұсату жұмыстары Күршім мен Қатонқарағай аудандарында жүргізілді. Жоғарыда аталған аудандарда мұз ұсату орындарындағы мұз қалыңдығы 70-90 сантиметрді құрайды. Мұз жару кезінде 13851 шаршы метр қамтылды. Барлығы өңірдегі 18 қауіпті учаскелердің 15-інде жару жұмыстары жүргізілді. Жалпы ауданы 118877 шаршы метрді құрады.

Солтүстік Қазақстан облысында мұз ұсату жұмыстары Уәлиханов, Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарында жүргізілді. Жоғарыда аталған аудандарда мұз ұсату орындарындағы мұз қалыңдығы 60-80 сантиметрді құрайды. Ұсақтау нәтижесінде 13 851 шаршы метр қамтылды. Өңірдегі кептеліс қаупі бар учаскелердің барлығында да жұмыстар атқарылды, ұсақтаудың жалпы ауданы 3415 шаршы метрді құрады.

Өзгелердің жаңалығы