Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Студенттердің жол ақысы: қаражат толық көлемде аударылды

31 Шілде 2025, 21:47
694
Бөлісу:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттердің жеңілдікпен жол жүруіне арналған қаражатты толық көлемде жоғары оқу орындарының есепшоттарына аударды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ендігі кезеңде аталған қаржы университеттер арқылы студенттердің жеке банк карталарына аударылады. Осылайша, жаңа оқу жылы қарсаңында студенттер жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігін толық көлемде пайдалана алады.

Министрлік қаржының уақытылы және мақсатты түрде жеткізілуін қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы