Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мәжілісте онлайн режимде өтіп жатқан Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.
Үкімет басшысының сөзінше, жастардың әлеуетін іске асыру барысында олардың білім алып, жұмыс істеп, баспаналы болуы үшін, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы үшін жағдай жасалады.
Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі. Кейін жыл сайын квота ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға дейін жеткізіледі, - деп атап өтті Мамин.
Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20%-ға артып, 2 есе өседі. Сондай-ақ, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы жыл сайын 10%-ға артып, 1,5 есе өседі.
2022 жылы Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша Петропавл және Шымкент қалаларында екі озық ЖОО құрылады. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттер жатақханаларында кемінде 50 мың орын пайдалануға беріледі. Жыл сайын 10 мың орын беріледі, - деді премьер-министр кеңейтілген отырыста.
Жұмыс істейтін жастар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер берілетін болады.
Еске сала кетейік, Мәжілісте өтіп жатқан отырыста Мамин 2023 жылға қарай мұғалімдер жалақысы 330 мың теңгеден асатынын айтқан болатын.