Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев студенттерден ПТР тестілеуді талап етуге жол берілмейтінін мәлімдеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау үшін жоғары оқу орынның аумағына, оқу ғимараттарына, кітапханаларға және жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасын қолдану міндетті. Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар адамдарды оқу корпустарына кіргізуге болмайды, - деп айтты ол.
Әділет Тойбаев атап өткендей, маска режимі қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ студенттерден ПТР тестілеуді талап етуге жол берілмейді.
Жоғары оқу орындары басқа қаладан келетін студенттерді студенттер үйлеріне не жатақханаларға орналастыру алдын ала қамтамасыз етеді. Бүгінде 5 мыңнан астам студент жатақханада тұрады, - деп ақпарат берді департамент директоры ОКҚ-да.