Қазақстанда студенттер жатақханаларында биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізіледі. Оқу-ағарту министрлігі «Ашық НҚА» порталында бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрлік жатақханаларға бөтен адамдардың кіруін болдырмау үшін студенттерді бет-әлпетімен тану жүйесін пайдалануды жоспарлап отыр.
Басқа адамдардың студенттік рұқсатнаманы пайдаланып, ішке кіруіне жол бермес үшін жатақханада тұратын студенттер үшін қолжетімділікті бақылау мен басқарудың баламалы жүйесін – биометриялық сәйкестендіруді (Face ID) енгізу жоспарланып отыр, - делінген құжатта.
Ал егер студенттердің жатақханада нақты тұратыны жөнінде қосымша мәліметтер қажет болған кезде оператор жатақхана тұрғындарына қоңырау шалады.
Бұйрық жобасы 20 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылған.
Оқи отырыңыз: